Баспана кезегінде тұрған азаматтар назарына! Шымкентте 23-26 қаңтар аралығында «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үй алуға құжат қабылдау басталды.
Үй кезегіндегі жандарға пәтерлер Тұран шағынауданы, 192-ші орамдағы «Адия» кешеніндегі үйден беріледі. 147 пәтерге өтінішті кезекте тұрған әр азамат электронды-санды қолтаңбасы арқылы өзі береді.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша баспана алу үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдарда мына санаттар бойынша кезекте тұруы тиіс:
— Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер;
— Мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
— Жасы бойынша зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
— Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— Оралмандар;
— Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үйінен айрылған адамдар;
— Көп балалы отбасылар;
— Толық емес отбасылар;
— Мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
Өтінімдер халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 8-а үй, 2-кабинет. Фронт-офис ғимараты.