Мемлекеттік баспанаға құжат қабылдау басталды

363

Баспана кезегінде тұрған азаматтар назарына! Шымкентте 23-26 қаңтар аралығында «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үй алуға құжат қабылдау басталды.

Үй кезегіндегі жандарға пәтерлер Тұран шағынауданы, 192-ші орамдағы «Адия» кешеніндегі үйден беріледі. 147 пәтерге өтінішті кезекте тұрған әр азамат электронды-санды қолтаңбасы арқылы өзі береді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша баспана алу үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдарда мына санаттар бойынша кезекте тұруы тиіс:

– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер;

– Мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

– Жасы бойынша зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

– Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– Оралмандар;

– Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үйінен айрылған адамдар;

– Көп балалы отбасылар;

– Толық емес отбасылар;

– Мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Өтінімдер халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 8-а үй, 2-кабинет. Фронт-офис ғимараты.