Оңтүстіктегі мемлекеттік қызметкерлер зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақы аударады

348
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледіОңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Шымкент қаласы әкімдігі және облыстық басқармалар қызметкерлері қаладағы жеке үйдің жанынан жапсарлас салынған баспанада газ-ауа қосындысының жарылуы салдарынан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аудармақ.

Зардап шеккен жанұяларларға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы жеке есеп-шоттар ашылады. Аталған мемлекеттік мекеме жұмыскерлері бір күндік жалақыларын қайырымдылық көмек ретінде береді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары да барынша жан-жақты көмек көрсетуге ниетті.

Оқиға болған күні шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, аталған азаматтарға жергілікті бюджет қаржысынан медициналық және әлеуметтік көмек қолдаулары көрсетілді. Сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларды уақытша баспанамен  қамту мақсатында қаладағы 17-18-шағынаудандаран пәтер ұсынылып отыр. Және оқыс оқиғадан қаза болған азаматшаның жерлеуі тиісті мекеме тарапынан ұйымдастырылып, тиісті қолдаулар жасалды.

Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп-салдарын анықтау мақсатында қала әкімінің міндетін атқарушы Б.Жанбосыновтың өкіміне сәйкес арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.