Оңтүстікте Шахан тұрғындарына көмек штабы құрылды

267
Оңтүстікте Шахан тұрғындарына көмек штабы құрылды

Кең болсаң — кем болмайсың. Қарағанды облысындағы Шахан кентінде болған қайғылы оқиға күнгей жастарын бей-жай қалдырмады. Қаламызда еріктілердің бастамасымен штаб құрылып, төтенше жағдайға тап болған отандастарымызға көмек беру шарасы қолға алынды.

Оңтүстікте Шахан тұрғындарына көмек штабы құрылды

Осылайша Оңтүстіктің жастары да отандастарының тағдырынан сырт қалмады. Шахан кентінде кенеттен болған жағдайдан байланысты облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен еріктілер штабы құрылған. Онда баспанасыз қалған жандарға көмек жұмыстары ұйымдастырылуда. Бей-жай қалмағандардың бірі — Асылбек. Ол штабтың құрылғанын ести сала мүмкіндігі келгенше азық-түлігін алып, жастар орталығына бет алды.

Асылбек Махалбаев: «Адам ертең басына қандай күн тауатынын білмейді. Бүгін мен көмектессем, ертең маған да көмектесетін жандар табылады. Мен еріктілердің бұл бастамасын ести сала көмекке асықтым. Бұл әрекетім титтей болса да жапа шеккендерге пайдасын әкелсе, қуанар едім.»

Ал ерікті жастар барша оңтүстікқазақстандықтарды қыстың көзі қырауда қиын жағдайға қалған отандастарымызға мүмкіндігінше көмек беруге шақырады.

Көмек көрсетуге ниетті жандар үшін жастар ресурстық орталығының есігі ашық. Еріктілер көмек заттарын таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін қабылдайды. Орталықтың мекенжайы: Түркістан көшесі, №1 үй.

Әлия Әділбек