Оңтүстікте «Тілім — тірегім» кітабының тұсауы кесілді

317
Оңтүстікте "Тілім - тірегім" кітабының тұсауы кесілді

Күнгейдегі шығармашылық өкілдері «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен кешке жиналған. Мұнда тағы бір кітаптың тұсауы кесілді. «Тілім — тірегім» деген атпен жарық көрген кітаптың авторы — тіл жанашыры Қабыл Дүйсенбі. Іс-шараға өңірімізге белгілі ақын-жазушылар қатысып, таралымы — екі мың дана жаңа жинақ жайлы өз пікірлерін білдірді.

Оңтүстікте "Тілім - тірегім" кітабының тұсауы кесілді

Туындының тұсаукесер кешіне ақын-жазушылармен қатар студент жастар да қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты жастарды ана тілін қастерлеп, еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ жастар арасында мәңгілік ел идеясын насихаттап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру болмақ. Кешке қатысушылардың бірі Бекзат құрдастарына бұл туындыны оқуға кеңес берді.

Оңтүстікте "Тілім - тірегім" кітабының тұсауы кесілді

Басқосу барысында Қабыл Дүйсенбидің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне ролик көрсетіліп, «Тіл үшін күрес, бізге тиген үлес» атты слайд-шоу ұсынылды. Сонымен қатар өнерлі жастар туған жер, ана тілі жайлы манолог оқып, ән шырқады, өз өнерлерін ортаға салды.

Жанерке Хұмар