Оңтүстікте «Тілім – тірегім» кітабының тұсауы кесілді

314

Күнгейдегі шығармашылық өкілдері «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен кешке жиналған. Мұнда тағы бір кітаптың тұсауы кесілді. «Тілім – тірегім» деген атпен жарық көрген кітаптың авторы – тіл жанашыры Қабыл Дүйсенбі. Іс-шараға өңірімізге белгілі ақын-жазушылар қатысып, таралымы – екі мың дана жаңа жинақ жайлы өз пікірлерін білдірді.

Туындының тұсаукесер кешіне ақын-жазушылармен қатар студент жастар да қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты жастарды ана тілін қастерлеп, еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ жастар арасында мәңгілік ел идеясын насихаттап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру болмақ. Кешке қатысушылардың бірі Бекзат құрдастарына бұл туындыны оқуға кеңес берді.

Басқосу барысында Қабыл Дүйсенбидің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне ролик көрсетіліп, «Тіл үшін күрес, бізге тиген үлес» атты слайд-шоу ұсынылды. Сонымен қатар өнерлі жастар туған жер, ана тілі жайлы манолог оқып, ән шырқады, өз өнерлерін ортаға салды.

Жанерке Хұмар