Шымкентте бірнеше пәтер тонап келген ұры ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, қаланың онға жуық тұрғыны пәтерлері тоналғаны жайлы арызданып келген.
Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол 21 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шыққан. Жұмыссыз жігіт өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу барысында оның 7 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.
Жәбірленушілерге келген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асады. Қазір осы факті бойынша ұрлыққа қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.