Шымкентте Африка құрлығы өкілдерінің соты басталды. Әл Фараби аудандық сотында Нигерия азаматтарына қатысты қылмысты ісі қаралуда. Екі шетелдікке аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Африка құрлығы өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстанға инвестиция құюға келіпті. Қолайлы жобаны көздеген шетелдіктер іздегенін Шымкенттен тапқан. Түрмеде отырған ірі шенеуніктің сенімді адамдарымыз деген гигериялықтар жергілікті кәсіпкермен танысып, Атырау қаласынан бекіре зауытын ашпақ болыпты. Бірнеше күн өткен соң өзге елдің азаматтары консулдық арқылы заңсыз жолмен ақша аударылған хабарлаған.
Ариф Абенов, куә: «Олар ақшаны кеденшілер сканер арқылы көріп қоймасы үшін қара қағазда келді деп түсіндірді.»
Содан нигериялықтар біздің кәсіпкерге қара түсті долларды қайта ағартудың жолын көрсетеді.
«Нұсқау бойынша екі қара қағаздың арасына долларды салып, арнайы сұйықтықпен сылап, 20 минутқа тоңазытқышта ұстау қажет. Біз барлық купюраның нөмірлерін жазып алдық, содан уақыты келгенде ақшаны мұздатқыштан шығарып, сүрте бастадық. Үш қағаз да ағарып шыға келді, нөмірлері де әр түрлі. Содан ақшаны алып, айырбастау орнына барып өткізіп едік, айырбастап берді.»
Нигериялықтар мұнымен тоқтамаған. Қолдарындағы 9 миллион қара түсті доллардың барлығын ағартпақ болады. Ол үшін шетелдіктерге 100 купюралық доллордың мың данасы қажет еді, ал кәсіпкердің ондай қаражаты болмағандықтан, олар 18 000 АҚШ долларын ауыстырып үлгерген. Көп уақыт өтпей бұл тұста бір шикілік барын сезген шымкенттік бизнесмен полицияға хабарлайды.
Алайда, қылмыс орнында ұсталған шетелдіктерден еш қандай қара доллар табылмады. Олардың қолында қара қағаз ғана болған. Тергеушілер бұл алаяқтар жалған қағаздарды нағыз ақшаға айырбастамақ болған дейді. Қазір сот процесі жалғасуда.