Шымкент қаласында білім ошақтарының саны тағы да артады. Бүгін қалалық мәслихаттың депутаттары республикалық бюджеттен бөлінген 11 миллиард теңге трансфертті тиісті салаларға бөлді. Қаржының басым бөлігіне 6 мектеп салынады деп шешілді.
Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 1200 орындық және Бозарық шағынауданында 900 орындық мектептердің құрылысы басталмақ. Тұрландықтарға да айтар жаңалық бар. Биыл осы шағынауданның тұрғындары сапалы жарық тұтынады деген үміт бар.
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 10-сессиясына жиналған депутаттар бюджет талқылауынан кейін Елбасының жолдауын талқылады. Жолдауды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі егжей-тегжей түсіндіріп, Шымшаһардың болашағы үшін ұтымды тұстарына тоқталды.
Нұрлан Жаңабай