Тассай тұрғындары қауіпті жол мәселесін шешуді талап етеді

482
Тассай тұрғындары қауіпті жол мәселесін шешуді талап етеді

Жол қауіпсіздігі мәселесі шешілмегенше қайтпаймыз! Осылай деген Тассай тұрғындары бүгін қауіпті жолға жиналды. Қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін бір апта өтсе де мұнда жол белгілері қойылмағандықтан, тұрғындар қауіпті орынға қайта келіп отырмыз дейді. Бір отбасы екі ұлынан айрылып қала жаздағаны аздай, тағы қайғы әкелмесін деген халық проблеманы тез арада шешіп беруді сұранады.

Тассай тұрғындары қауіпті жол мәселесін шешуді талап етеді

Жұрттың жиналғанын естіген сәтте Тассайға қалалық ішкі істер басқармасының басшысы да келді. Олардан көпшіліктің сұрайтыны бір мәселе. Ол — қауіпті тас жолға жаяу жүргіншілерге өтетіндей жағдайдың жасалуы.

Бұл тасжолдың проблемасы бір апта бұрын қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін ғана көтерілді. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған дейін де әкімшлікке арызданып осы проблеманың барын айтып барғанбыз деп отыр. Еске салайық, өткен аптадағы жол апатынан қаза тапқан жасөспірімнің ағасы күні кеше есін жиғандай болған. Бірақ жағыдайы әлі де куантарлықтай емес дейді әжесі.

Тассай тұрғындары қауіпті жол мәселесін шешуді талап етеді

Енді жол белгілері қойылып біткенше осы тұста бір экипаж тәулік бойы кезекшілікте тұрады. Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Арман Арунұлы осылай деп халық алдында сөз берді.

Тассай тұрғындары қауіпті жол мәселесін шешуді талап етеді

Ал әкімдік өкілдері тіпті жағымды жаңалықты арқалап келіпті. Олар бір тәуліктің ішінде жылдамдықты төмендететін арнайы белгіні орнатамыз деп сендірді.

Жолда дыбыс шығаратын арнайы сызықшадан бөлек жылдамдықты төмендететін белгі уақытша болуы мүмкін. Өйткені алдағы жоспар бойынша дәл осы жол учаскесіне бұрынғы бағдаршам мен жаяу жүргіншілер жолағы қойылатын түрі бар. Әкімшілік өкілдері биылғы қыркүйек айына дейін орнатамыз деп отыр.

Ернар Балабеков