Назар аударыңыз, маңызды ақпарат! Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағат қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Азаматтық үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл жаңалық — Қазақстан азаматтарының тұратын мекенжайына уақытша тіркелуін міндеттейтін жаңа заңға байланысты қолға алынған тәртіп.
Сонымен, 9 қаңтардан бастап облыс орталықтарындағы көші-қон полициясы бөлімдері орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 08:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істеу кестесіне көшті. Сағат таңғы 08:00-ден бастап жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:
Шымкент қаласы бойынша:
1. №1 бөлім — Мәделі қожа көшесі, № 1 Г
2. №3 бөлім — Жангелдин көшесі, 13А
4. №4 бөлім — Күншығыс шағынауданы, 116/1
5. №5 бөлім — Нұрсәт шағынауданы, 24/1
6. №6 бөлім — Сайрам тұрғын үй кешені, Ибрагим ата көшесі, н/ж