Жауапты мамандар көктемгі тасқынның алдын алуға дайындалуда

362
Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қатысты жиын өтті

Оңтүстікте облыс аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары бойынша жиналыс өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиынға ОҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметі мен аудан, қала әкімдері қатысты.

Жиында облыс аумағында көктемгі су тасқыны, сел, сырғыма, қар көшкінін алдын алу жұмыстары және облыс аумағындағы су қоймаларының жағдайы талқыланды.

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қатысты жиын өтті

Айта кетейік, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 2016 жылы облыстың аумағы мен халқын су тасқынынан инженерлік қорғау үшін  664,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 6,21 шақырым арна түзеліп, жағалау бекітілді. Ал 1,5 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 955 шақырым ирригациялық жүйенің су өткізу шамасы күшейтіліп, бұрын болмаған жерлерге арық салынды. Ал биыл су тасқынының алдын алу мақсатына 856 млн теңге бөлініп отыр.

Көктемгі су тасқынына қауіпті кезеңге облысты дайындау мақсатында облыс көлемінде 325,3 шақырым қорғаныс бөгеті нығайтылса, 36,3 шақырым бөгет жаңадан тұрғызылды. Ұзындығы 48,5 шақырым өзен жағалауы бекітіліп, 668,1 шақырым арық-каналдар мен 397 су өткізу құбырлары тазаланды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, «Қазгидромет», «Қазсушар» және «Қазселденқорғау» мекемелерінің Оңтүстіктегі филиалдарындағы бекеттерінен су қоймалар мен өзендердегі су деңгейінің толуы және ағысы бойынша күнделікті шұғыл ақпарат алынады. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі танда облыс аумағындағы су тасу жағдайы бір қалыпты, өзендердегі судың деңгейі аумалы күйдегі деңгейден төмен, су қоймаларында судың деңгейі орта есеппен жобалық мөлшердің 30-35% құрайды.

Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған өңір басшысы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары аясында әкімдіктер мен тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар беріп, қала-аудан әкімдері су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы мен қауіпті кезең аяқталғанға дейін жеке бақылауға алуын тапсырды. Сондай-ақ, өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін міндеттеді.