Шымкентте жоғалып кеткен жеткіншек үйіне оралды. 13 жасар Максим Фролов аман-сау анасының қолына тапсырылған. Бұл туралы ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзова хабарлайды.
Жексенбі күні анасымен хабарласып, дүйсенбі үйіне келуге уәде берген Максим осылайша қазір өз үйінде.
Еске салайық, 7 сыныпта оқитын жеткіншек 27 қаңтар күні жоғалып кеткен. Соңғы рет сыныптастары оны мектебінің жанындағы аялдамадан көрген. Жасөспірім сол күні анасымен сөзге келіп қалған дейді полицейлер. Қазіргі таңда бозбаланың үйінен кетіп қалуының себеп-салдары толық тексерілуде.