«Мал ұрлығына тосқауыл». Енді Шымкенттегі мал базарларында әр жексенбі сайын осындай акция өтеді. Облыстық, қалалық мал дәрігерлік бөлімдері мен прокуратура қызметкерлері төрт түлігін саудалауға келген шаруаларда тиісті құжаттардың болуы шарт екенін түсіндірді. Бұған дейін де талай рет айтылған бұл талапты орындауға құлықсыздық танытатындар әлі де аз емес.
Шымкенттегі бұл мал базарына апта сайын 500-ге жуық ірі қара, мыңға тарта ұсақ және 600-ден астам жылқы малы әкелініп, саудаланады екен. Өкініштісі — саудаға түсетін төртүліктің арасында ұрлықы мал да кездесетінгі жасырын емес. Осыған орай мал иелері сақтық шарасын қарастырып, үй жануарларын бірдейлендіру қажет дейді мамандар.
«Барлық малдың құлағында сырғасы, иесінде құжаты болуы тиіс. Ал сырғасы жоқ мал ұрлықы деп есептеледі және тексеруге жатады.»
Бұл жолғы базарға әкелінген малың талайының сырғасы және құжаты болмай шықты. Ондай жағдайда базар әкімшілігі мен ветеринар мамандар малдың тіркелген-тіркелмегенін тексереді. Айтуларынша ондай төрт түлік көбінде алыпсатарларда болады.
Сала мамандарының айтуынша, төрт түлікті бірдейлендіріп, құжат беру — тегін. Ал «Мал ұрлығына тосқауыл» акциясы әлі бір ай жалғасатын болады.
Нұрлан Жаңабай