Оңтүстіктің құтқарушылары боранда адасып кеткен орманшыларды құтқарды. 2 ақпан күні Ақсу-Жабағылы қорығының екі қызметкері ауа райының бұзылғанына қарамастан қорықты тексеруге шығады. Содан қайтып оралмаған.
Әріптестерін алдымен өздері іздеген орманшылар арада бір тәулік өткен соң құтқарушыларға хабар береді. Абырой болғанда, осы уақытқа дейін адасып кеткен орманшылармен телефон байланысы сақталыпты. «Трэкол» арнайы көлігіне мінген 4 құтқарушы боранда адасып кеткен орманшыларды іздеуге шығады.
Күндізгі сағат 10-да 40-та құтқарушылар мен орманшылары адасып кеткен 22 және 29 жастағы жігіттерді GPS құралының көмегімен тапты. Олардың жағдайы тәуір дейді құтқарушылар.