2016 жылы облыстық кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 600-ге жуық арыз-шағым түскен. Түрлі құқық бұзушылықтарға тап болған бизнесмендердің 17 пайызы мемлекеттік сатып алулар кезінде заңсыздықтармен бетпе-бет келіпті.
Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының өкілдері ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Басқосуда кәсіпкерлердің дөңгелегіне таяқ тастағандай болған жайттар жасырылған жоқ.
Осынау олқылықтарды ескерген кәсіпкерлер палатасының өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мемекеттік сатып алу және өрт қауіпсіздігі салаларында қоғамдық мониторинг жүргізуді көздеп отыр.
Мақпал Рысбаева