Медбикелер қайта даярлаудан өтеді

368
Медбикелер қайта даярлаудан өтеді

Оңтүстікте орта санаттағы медбикелер қайта даярлаудан өтуде. Медицина мамандары емхана мен ауруханаларға арнайы барып, тәжірибе жүзінде жұмыстармен танысады. Семинардың алғашқы күнінде мамандар облыстық балалар ауруханасына жиналып, теория жүзінде дәріс алды.

Медбикелер қайта даярлаудан өтеді

Қазіргі таңда өңірімізде 22 мыңнан аса медбике бар. Олардың басым бөлігі жекеменшік колледждерде білім алғандықтан, біліктіліктері төмен дейді салаға жауаптылар. Сондықтан, әр тоқсан сайын, қайта даярлауды өткізіп тұрмақ.

Айта кетейік, семинарға қатысқандар — аға медбикелер. Олар облыстың барлық аудандарынан жиналған. Үш күнге созылатын шараның соңында мамандарға оқығаны жөнінде сертификат беріледі.

Лаура Нақыпқызы