Оңтүстік Қазақстан облыстық халық ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

409
Оңтүстік Қазақстан облыстық халық ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Елімізде еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыс күшінің өзге өңірлерге қоныс аударуы қалай жүруде? Бұл мәселе Оңтүстік Қазақстан облыстық халық ассамблеясы кеңесінің отырысында талқыға түсті. Жиынға қатысқан этно-мәдени орталықтар, әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бұған қоса Елбасының кезекті жолдауын талқылап, жүзеге асыруды кеңесті.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы — жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының өзекті тұстарымен жиналған жамағатты мәжілісмен Фахриддин Қаратаев таныстырды. Бұл құжаттағы төртінші басымдық — адами капитал сапасын жақсарту. Бағалардың шарықтаған кезеңінде халықты әлеуметтік қолдау міндеті басты назарда болуы тиіс дейді халық қалаулысы.

Кеңеске қатысушылар, сондай-ақ, еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Игі бастаманың биылғы жоспарлары да айтылды.

Жиын соңында Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің бірқатар мүшелеріне Қазақстан Президенті атынан куәліктер табыс етілді.