Оңтүстікте 2 күнде үш бала иіс газынан уланды

338
Газдан уланғандар қатары көбейді

Кешегі демалыс күндері Оңтүстікте қайғылы жағдайлар тіркелді. Нақты айтқанда Сарыағаш ауданында 1 айлық шақалақ иіс газынан шетінеп кеттті. Дәрігерлердің хабарлауынша, қайғылы жағдай Таскен ауылында болған.

Анасы таңертең сағат 07:30-да ошаққа көмір салып, қасына 2017 жылы туған қызын жатқызып, далаға жұмыстарымен шығып кеткен. Жарыт сағаттан соң қайтып келсе, нәресте қимылсыз жатыр. Шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері шақалықтың қайтыс болғанын анықтады.

Ал екінші жағдай Сайрам ауданында болды. Ақсукент ауылының тұрғыны 1 және 13 жасар қыздарын ваннаға шомылдырып жатып, жағымсыз иістен басы айналған соң далаға тыныстауға шығып кетеді. Қайтып келсе, екі қызы да ес-түссіз жатыр. Зардап шеккендерге дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен. Қазір қыздардың анасы үйлеріне қайтарылған. Ал екі қыз ауруханада ем алуда.