Оңтүстік кәсіпкерлеріне индустриялды аймақтан жер телімі бөлінді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тиісті қаулыға қол қойды. Кәсіпкрелерге берілетін жер телімдерінің көлемі 74,5 гектар.
Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған. Аталған индустриялды аймақтарда бүгінде құны 199,2 млрд теңгені құрайтын 170 жоба іске асырылуда.
Болашақта құны 8,6 млрд.теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы құрылысы. Ол үшін аймақтан көлемі 30 га болатын жер учаскесі бөлінді.
Сондай-ақ, қабырға тасын өндіру үшін Сарыағаш ауданынан 18,5 га, ал индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, шыны өңдейтін зауыт құрылысын салу, кеңсе жиһаздарын өндіру цехы үшін жалпы 26 га жер учаскесі пайдалануға берілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі