Оңтүстік Қазақстан облысында 100 жасаған және одан да асқан 88 қария өмір сүріп жатыр. Ұзақ жасаушы егде азаматтардың басым көпшілігі Шымкентте, Мақтаарал мен Сараығаш ауданында тұрады. 100 жастан аса өмір сүріп жатқан қарттардың ішінде 70-ге жуығы — тыл еңбеккерлері.
Облыс бойынша жыл көлемінде ұзақ жасаушы қарияларға бюджет және мекемелер, демеушілер есебінен мүмкіндігіне қарай бір жолғы материалдық жәрдем мен сый-сияпаттар беріліп тұрады.
Мәселен, 2016 жылы 77 қарияға 636 мың теңгенің материалдық қолдауы көрсетілді. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 87 мың теңге және демеушілер есебінен 550 мың теңгеге сыйлықтар үлестірілді. Осы бағыттағы жұмыстарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биылда жалғастыратын болады. Айта кетейік, облыста жалпы саны 215,6 мыңнан астам зейнеткер бар.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі