Шымкенттегі облыстық онкологиялық диспансерде бүгін ашық есік күні өтіп жатыр. Бұл іс-шара үш күнге жалғасады. Әр тұрғын тексерілу үшін осы күндері диспансерге келе алады.
Дәрігерлердің басты міндеті — азаматтарға скринингтен өтудің ауадай қажет және тексеруге келуі міндетті екенін түсіндіру. Мемлекет бұл мақсатта қыруар қаржы бөліп отыр. Ал келушілер тек алдын ала тексеруден өтуі керек. Ашық есік күнінің алғашқы сәттерінде-ақ диспансерге 300-дей адам келіп тексерілді.
Жыл сайын елімізде қатерлі дертке шалдығушылар саны халықтың 5 пайызын құрайды екен. Мәселен, былтыр 3123 адамнан қатерлі ісік белгілері анықталған. Қазір облыстық онкологиялық диспансерінде 11200 науқас есепте тұр.