Шымкентте төтенше жағдай орын алып, бір адам мерт болды. Нақты ақпарат көздерінен белгілі болғандай, дәнекерлеу жұмыстарына қажет карбид сұйылтылатын ыдыс жарылған. Қайғылы жағдайдың қаладағы мектептердің бірінде болғаны анықталды.
Марқұм — 1982 жылы туған осы мектептің мұғалімі. Қазір тергеушілер бірнеше болжам бойынша жұмыс істеп жатыр. Соның бірі — жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасын сақтамаудың салдарынан болатын төтенше жағдайдың салдары қайғылы аяқталуы мүмкін. Қазір осы факті бойынша Абай полиция бөлімінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр.