Шымкентте қоғамдық көліктерде біраз тәртіп орнай бастағандай. Қала әкімдігінің жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерге қойған талаптары орындала бастады. Нақты айтқанда аялдамаларда кондукторлардың айқайы азайып, бір мезете бір аялдамаға көліктердің кептелісі кеміген.
Дей тұрсақ та енді жолаушыларымыз қинала бастағандай. Сауалдан ұққанымыз, аялдамаларда автобустардың бағыты мен уақыты жазылған тақтайшалар мүлдем жоқ.
Айтса айтқандай, аялдамалар сын көтермейді, кей жерлерде аялдама деген атымен жоқ. Көлікшілерден тәртіпті талап еткен шаһар басшылары енді жолаушылардың жағдайын жасаса деген тілек бар.
Нұрлан Жаңабай