Шымкентте зорлық жасаған адамның жазасы өзгеріссіз қалды

301

Облыстық сот мамандандырылған соттың үкімімен 15 жылға сотталған азаматтың жазасын өзгеріссіз қалдырды. Айыпталушы жасы кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық зорлық жасағаны үшін қатаң тәртіптегі түрмеге қамалу жазасына кесілген болатын.

Тергеушілердің мәліметінше, сотталған азамат былтырғы қазан айында танысының үйінде арақ ішіп отырып, үй иесі шығып кеткенде оның 10 жасар қызына зорлық жасаған. Енді аппеляциялық алқа мүшелері қылмысты соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша сот үкімі заңды күшіне енді.