«Учаскелік полицей» жобасына атсалысыңыз

592
Жергілікті полиция

«Отырар» медиахолдингі «Учаскелік полицей» жобасын қолға алды. Бұл акцияның мақсаты — қала тұрғындары өз мекенжайына қарайтын аймақтық полицейін білуі тиіс. Ол үшін үйден шықпай-ақ, Otyrar.KZ порталына кіріп, учаскелік полицейіңіз туралы толық мәліметті білетін боласыз.

"Учаскелік полицей" жобасына атсалысыңыз

«Учаскелік полицей» жобасы бірінші ақпаннан басталды. Otyrar.KZ сайтында жарияланған бастама арқылы қаладағы учаскелік пункттер мен онда жұмыс істейтін инспекторлар туралы толық мәліметті алуға болады. Порталда аймақтық тәртіп сақшысының аты-жөні ғана емес, мекен-жайы және ұялы телефонының нөмірі көрсетіледі.

Елена Бояршинова, Otyrar.KZ сайтының редакторы: «Бұл бастаманы қалалық жергілікті полиция әкімшілігі бірден қолдады. Және де «Отырар.кз» сайты арқылы учаскелік полицейдің жұмысына баға бере аласыз. Жұмыс деңгейі төмен деп санасаңыз, оны да көрсетіңіз немесе көңіліңіз толса, жақсы баға бересіз. Негізінде бұл жобаның басты мақсаты — қала тұрғындарына учаскелік полицейін таныстыру.»

Учаскелік полиция инспекторы, Талғат Боранбаевтың әр жұмыс күні таңғы сағат 8:30-да басталып, қас қарайғанға дейін тыным таппайды. Ал қарбалас күндері тәртіп сақшасы тәулік бойына жұмыс істеуге мәжбүр. Қызығынан гөрі қиындығы көп салада жұмыс істеп жүргеніне сегіз жыл болыпты. Учаскелік полицей болғандықтан, Талғаттың күнделікті жұмысы аумағындағы тұрғындармен үнемі байланысып, әр қоңырауға жауап береді. Олардың барлығынан хабар алуы тиіс. Тиісінше, шара қолдану керектігін де жақсы біледі.

Талғат Боранбаев, учаскелік полицей: «Әртүрлі шақыртулар болады. Көбінесе отбасыдағы ұрыс-керіске шақырады. Ұрлық, тонау сияқты істер бойынша шақыртуларға да барамыз. Жедел топ келгенше қылмыстық оқиға болған жерді күзетеміз.»

Тәртіп сақшылары қызмет бабында күн сайын тұрмыстағы жағдайлар мен бұзақылық, кейде әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды да тіркейді. Шақыртуға бірден баруы керек. Ең бастысы, міндеттемелерінде көрсетілгендей, қала тұрғындарымен өзара іс-қимылды қажет ететін құқық бұзушылықтардың алдын алуы керек. Енді осы жұмыстардың істелуіне Otyrar.KZ порталы да атсалыспақ.

Бұған қоса тәртіп сақшысына айтар мәселеңіз немесе ұсынысыңыз болса, жазбаша түрде сайтта пікір қалдыра аласыз. Сіз жолдаған мәселені жергілікті полиция қызметі өз қарауына алады. Бастамаға баға беру оңай, әрине. Ол нәтижелі болу үшін, әрбір тұрғын белсенді болып, полицей бәрін шешуі керек деп емес, бірлесіп, жұмыс істеуі тиіс.