Халықтың тұрғын үй мұқтаждылығын шешуге екінші деңгейлі банктер міндеттеледі. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында қаржылық институттар несие береді.
Бағдарлама шарты бойынша азаматтар баспана құнының 30 пайызын төлеуі керек. Қалғанын мемлекет субсидиялап, 15 жыл мерзімге береді.
Бағдарлама аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы құрылыс компанияларын ынталандыру да көзделіп отыр. Қаржы ұйымы арнайы шарттармен компанияларға 7 пайыз көлемінде несие береді.
Ол үшін ең алдымен жоба дәлелденуі қажет. Ал баспана құны кеткен шығындарға қарап бекітіледі. Алдағы уақытта несиелендіру ұйымы анықталған соң, халықтың жеке үйлерді салуына да жеңілдікпен несие беру жоспарланып отыр.