Айгүл Құралова осылайша күн сайын бірнеше арыққа көшет отырғызып шығады. Жұмысшы бұл шаруа жылдамдық пен ыждахаттылықты қажет етеді дейді. 5 жылдан бері жылыжайдан нәпақасын ажыратып отырған келіншектің ай сайынғы жалақысы – 40-45 мың теңге.
Серік Ормановтың жылыжай шаруашылығымен айналысып жүргеніне биыл – 3 жыл. Жас та болса тәуекелі мен шығыны көп кәсіпті ол ұршықтай иіріп отыр. Әу баста небәрі 24 соттық жерде басталған шаруашылықтың аумағы бүгінде 2 гектарды алып жатыр. Биыл кәсіпкер қызынақтың голландиялық сұрпын егіп, пайдасын еселей түсуді көздейді.
«Қазығұрт нұры» шаруа қожалығында бүгінде 40-45 адамға дейін жұмыс істейді. Екі гектарға қызанақ көшетін егіп жатқан шаруалар, бұйыртса, 3 айда өнім ала бастайды. Былтыр 1 гектардан 80 тонна көкөніс жинап алған қожалық иесі биыл, бұйырса, өнімдерін шетел асырамыз деп құлшынып отыр.