Бейбіт күннің батырлары марапатталды

566
Бүгінгі күннің батырлары марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаметінде 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай салтанатты іс шара өтті. Оның ерекшелігі сол, бүгінгі күннің батырлары марапатталды. Бейбіт күндері ерлік жасаған азаматтарды департамент бастығы жеке құттықтап, алғыс хаттарын және сыйлықтарын тапсырды.

Бүгінгі күннің батырлары марапатталды

Олардың бірі — Мақтаарал ауданы, Бескетік ауылындағы тұрғын үйде кенеттен жана бастаған газ баллонын сыртқа шығарған Бөрібай Құттыбек. Жас жігіттің өзі бұл ісім отбасымның алдындағы парызым деп есептейді.

Ал екінші батыр ана Түркістан-Арыс каналын жағалап келе жатып, судың бетінен бір көрініп, бір көрінбей қалқып бара жатқан қызды көзі шалған күйі суға сүңгіген. Нигора Ташметова жас қызды судан алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді. Сөйтіп оның өмірін сақтап қалды.