Депутаттар: «Шаруаларға жағармай астық жиналған соң емес, дер шағында бөлінуі тиіс»

405
облыстық мәслихат депутаты

Шаруаларға көктемгі-дала жұмыстарына бөлінетін жағармай астық жиналған соң емес, дер шағында бөлінуі тиіс. Депутаттар осылай дейді. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы өңірдің шаруалары жағармаймен алдағы айда толық қамтылады деп отыр. Жеңілдетілген бағамен таратылатын дизельді отын мәселесі бүгін өткен тұрақты комиссиялардың отырысында кеңінен талқыланған болатын. Жалпы, аймақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері екі күннен бері 2017-2019 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылауда.

Ауыл шаруашылығы саласына тоқталсақ, республикалық бюджет есебінен ауылды елдімекендерде және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооепративтерін ашуға 3 200,9 млн теңге несие бағытталуда. Осы тұста жобамен келіскен халық қалаулылары қаржы астық жиналғанда емес, жылдың басында берілсе деген өтініштерін де білдірді.

Рәшкүл Оспанәлиева, облыстық мәслихат депутаты: «Осы уақытқа дейін бәрін жылыжаймен айнасыңыздар деп үгіттеп едік. Енді оларды субсидиямен қамти алмай отырмыз. Тыңайтқыштар да кеш беріледі.»

Облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіров жеңілдетілген жағармай ала алмай отырған шаруалардың аманатын жеткізуге тырысты. Көктемгі дала жұмыстарына кіріскен ауыл еңбеккерлеріне тез арада дизельді отын қажет.

Жеңілдетілген бағадағы жағармаймен шаруа қожалықтарын қамту мәселесі жыл сайын жырға айналатыны осы жиында да сө болды. Жауаптылар үкімет тарапынан бөлінген жағармайды үлестіруде кесте де түзілді дейді.

Жанар-жағармайды үйлестіру жұмыстарын қадағалау міндеті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен кәсіпкерлік палатасы тарапынан жасақталған арнайы мобильді топқа жүктелген. Мұнда еш күрделіктер туындамайды дейді жауаптылар. Мамандардың мәлімдеуінше, алдын алу жұмыстарына кіріскен Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнімді 1 мамырдан шығара бастайды.