Енді ата-ана баласының сабағына қатыса алады

415
ОҚО-да 16 мыңнан астам жас түлек ҰБТ тапсырудан бас тартты

Енді кез келген ата-ана баласының оқу үлгерімін тікелей бақылай алады. Ол үшін мектеп жасындағы баласының күнделікті сабағына қатыса отырып, білімі мен тәрбиесінен хабардар болады.

Бұл үшін білім мамандары тарапынан толық рұқсат берілген деп хабарлайды Шымкент қалалық білім бөлімінің басшылығы. Тек ата-ана өзінің баласы екенін растайтын құжатты көрсетсе болғаны. Осылайша сала мамандары мектеп әкімшілігімен ата-ана арасындағы байланысты нығайтпақ.

Айта кетейік, бұл өзгеріс 2016 жылдың қыркүйек айынан басталған болатын. Бірақ, бұл күнге дейін баласының сабағына қатысқан ата-аналар аз дейді білім бөлімінің мамандары.

Лаура Нахыпқызы