«Фиркан» өз клиенттерін қуантуда

Мереке қарсаңында «Фиркан» сауда желісі әдеттегідей тұрақты тұтынушыларын қолжетімді бағаларымен қуантады. «Фиркан» дүкендерінде 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне орай аналарыңыз бен сүйіктіңіздің көңілінен шығатын сыйлықтың барлығы бар. Сонымен қатар алуан түрлі тауарды арзан бағамен сатып алып, отбасы қоржынын үнемдеуге де болады.

Көктем мерекесінде әр қыз-келіншектерге керегі де осы. Таптырмайтын сыйлықтардың бірі жібек мойын орамалы болса, «Фиркан» дүкенінде қиналмай-ақ таңдау жасауға болады. Мұнда жұқа жібек 615 теңге, косметика заттарын салатын сөмкелер 656 теңге, ал шілтері дастарханды небәрі 1296 теңгеден ала аласыз.

Ирина Уланович, «Фиркан» гипермаркетін басқарушы: «Біз бір апталық акция жарияладық. Сонымен қатар 8- наурыз әйелдер күніне орай нәзік жандарға парфюмериялық және косметика жиынтығын, соның ішінде шаш бояуы мен бет күтіміне арналаған иісмайды бар-жоғы 459 теңгеге ұсынып отырмыз. Ең бастысы, мереке күні барлық қыз-келіншектер әдемі болып жүрсін!»

Сауда желісі арнайы 8 наурызға шыны әйнектермен керамиканы аукциондық бағамен ұсынады. Ашық түсті құмыраларды 1225 теңгеге сатып алсаңыз, шыны тәрелкелердің бағасы 499 теңге болады, осылайша 33% үнемдеуге болады. Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап «Фиркан» сауда желісінің барлық дүкендерінде «Жүлделі бум» акциясы басталды. Бұл акцияға әр сатып алушы қатыса алады. 8000 теңгеге сауда жасасаңыз, сол заматта ұтыс ойынына қатысып, жүлделі боласыз.

София Османова: «Сыйлық ұтып алғаныма қуанып тұрмын. Мен «Фиркан» дүкенінің тұрақты тұтынушысымын. Әрі қарай да осы дүкеннен сауда жасап тұратын боламын.»

Бұл ұтыс ойынына 15 наурызға дейін «Фиркан» дүкендерінен сауда жасаған әр клиент қатыса алады. Ең басты сыйлықтар — кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаң сорғыш пен үтік болса, көтерме сыйлықтары да қарастырылған. Сондықтан, ұтымды сауда жасап, жүлделі болмаын десеңіз, асығыңыздар. Дүкендер таңғы сағат 9-00 ден түнгі 22-00 ге дейін жұмыс жасайды.

Гүлжан Байназарова