Оңтүстіктің үздік келіндері анықталды

837
Оңтүстіктің үздік келіндері анықталды

Қазақта «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деген дана сөз бар. Осы орайда облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары бірлесіп, «Бесік жыры — тәрбие бастауы» атты жас келіндер байқауын ұйымдастырған. Облыстан жиналған 14 келіншек қазақы салт-дәстүрді қаншалықты жақсы білетінін өз өнерлерімен көрсетуге тырысты. Сонымен, ерекше сайыста кім жеңімпаз атанды?

Оңтүстіктің үздік келіндері анықталды

Ақ орамал, ұлттық костюм, қою қара қос бұрым — бүгін бағын сынуға келген келіндердің бейнесі дәл осындай. Келіншектер өңіріміздің түрлі аудан-қалаларынан жиналған. Олар бесік жырын айту, дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру, өз өнерін көрсету және үй жұмысы сынды төрт кезеңнен өтеді. Алғаш болып өнер көрсеткен — Түлкібас ауданының келіні, 3 баланың анасы Ұлбосын Керімқұлова. Ол аталмыш сайысқа бірінші рет қатысып отырғанын айтады.

Бұл күні Қазақ келіні өзінің ақылы мен парасатын байқатуға тырысты. Ерекше конкурстың басты мақсаты — ұмытылып бара жатқан қазақы салт дәстүрлерді қайта жаңғырту дейді ұйымдастырушылар.

Бұл байқаудың, әсіресе, жастар үшін тағылымы мол. Тек қыздар ғана емес, жігіттер де өзіндік ой түйеді. Соның бірі — өнегелі кештің көрермені болып қайтқан 6506 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Қуаныш. Ол болашақ жары қандай болу керегін білдім дейді.

Конкурста жас келіндердің өнері жан-жақты сарапталып, жеңімпаздар да анықталды. Сонымен, келіндер конкурсының бас жүлдесін қазығұрттық келін Гауһар Қалмаханова жеңіп алды.

Оңтүстіктің үздік келіндері анықталды

 

Ал бірінші орын Айгүл Алтынбековаға бұйырды. Жүзден жүйрік атанған ару және басқа жүлдегерлер алғыс хаттар және ақшалай марапатталды.

Оңтүстікте үздік келіндер анықталды

Айта кетейік, келіндер байқауы алдағы уақытта өз жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Әлия Әділбек