Полицияның видео-жетон қолдана бастағанына жылдан асты

476
Полицияның видео-жетон қолдана бастағанына жылдан асты

Шымкентте полицейлердің бейнежетонмен жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтап қалды. Осы уақыттан бері көрсеткіш біршама жоғарылады дейді тәртіп сақшыларының өздері. Бір жағынан, енді заңды бұзғандар бейнежетонды көріп, аяғын абайлап басса, инспекторлардың да өз жұмысына тыңғылықты болуын міндеттейді.

Полицияның видео-жетон қолдана бастағанына жылдан асты

Полиция сержанты Ермек Өтегенов өз ауысымын міндетті түрде бейнежетонды тағудан бастайды. Соңғы уақытта тәртіп сақшысының көмекшісіне арналған бұл шағын құралдың жұмыс уақыты 8 сағатқа тең. Яғни, инспектордың кезекшілігі барысында айналада болып жатқанның барлығын таспаға жазып алып отырады. Мысалы, жол жүру ережесін бұзу фактілері.

Айта кету керек, бір кезекшілікте бейнежетон 50 гигабайт мәліметті сақтай алады. Содан кейін бейнеқорға жазылып, сонда екі айға жуық уақыт сақталады. Видео бұл уақытта ішкі істер министрлігінің серверінде болады. Полицейлердің жұмысы барысында жазылып алынған көріністің барлығы ауысымнан кейін арнайы маманға тапсырылады.

Жергілікті полиция қызметкерлері әзіл-шыны аралас өздері жазып алған видеодан бір кино ғана емес, телесериал монтаждап алуға болады дейді. Арасында жол жүру ережесін бұзу фактілері де, заң бұзушыларды қуу да, жәбірленушілердің көз жасы да бар. Тіпті, туыстарына сәлем жолдамақ болған мас азаматтар да бар. Енді таяуда полицейлер ірі көлемдегі рейд өткіземіз деп отыр. Ендеше, жолда жүргенде заңды бұзбауға тырысыңыздар.