Шымкентте құрылыс саласының көрмесі басталды. Онда тұрғын үй, ғимараттар және ішкі көрініске арналған құрылыс материалдары көпшілік назарына ұсынылып отыр. Мұнда кәдімгі цементтен бастап шатыр жабыны, сантехника мен жылу жүйелерінің жабдықтары кең көлемде ұсынылған.
Халықаралық жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілерден бөлек шетелдік кәсіпкерлер де қатысуда. Құрылыс қарқын алған Оңтүстік өңірімен іскерлік қарым-қатынас орнатуға түрік іскерлері қызығушылық танытып отыр. Айта кетейік, көрме 3 күнге созылады.