«Екі мырзаға – бір қызметші». Өңіріміздегі әзіл-сықақ және сатира тетарының ұмыжы көрермендерге осындай тақырыптағы қойылымды ұсынды. Премьералық еңбектің ерекшелігі сол – оқиға әдеттгідей елімізде емес, Италияда өрбиді. Әлемдік драматургиядағы ең қызықты әрі күрделі комедияны алғашқылардың бірі болып біз де тамашалап қайттық.

Ғашықтардың сүйіспеншілігі мен ондағы шытырман оқиға желісі – сатира театрының сахнасында. Көрермен қауым ширек ғасырдың сырын бойына бұққан Италия, ондағы Венециядағы жай-күйді қаламгер Гольдонидің еңбегінен көре алды.

Мейрамбек Нұралиевтің жасы – 30-да. Сатира театрының серісі 12 жылдан бері өнер саласында қызмет еткенімен, әзіл әлеміне еніп, әртістерді қатарын толықтырғанына биыл жол толды. Ал айтулы комедияда кейіпкеріміз қонақ үйдің қожайыны Бригелланың болмыс-бейнесін сомдады.

Мейрамбек Нұралиев, облыстық әзіл -сықақ және сатира театрының әртісі: «Кейіпкерімнің бойынан сыпайылық пен мәдениеттілікті үйрендім. Қалай десек те, итальяндықтар өте мәдениетті болады. Ал рөлге етене енгенімнің құпиясы – студент кезімдегі тәжірибемді қазіргі өнеріммен байланыстырдым.»

Оқиға желісі бойынша екі қожайынға бір уақытта қызмет етуге кіріскен қызметшінің әлегі баяндалады. Осылайша Труффальдино есімді жігіт айласын асырып, табыс көзін молайтпақ болады. Қойылымда екі жақтан жалақы алуды көздеген еңбеккердің аңғалдығы мен адалдығы, өз иелеріне деген құрметі де көрініс тапқан. Ал шығармашылық топтың айтуынша, еңбектің ерекшелігі де сол – адамдардың қоғамдағы шынайылығы, қызметшінің құзыреті арқылы қос ғашықтың табысуын көрсету еді.

Айта өтетін ақпарат, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы әлемдік драматургияның ең бір қызықты әрі күрделі комедиясын сахналау үшін 1 ай уақытын жұмсаған. Қойылымға мәдениет мекемесінің 13 әртісі жұмылдырылып отыр.