Түлкібас ауданына жаңа әкім келді

626
Түлкібас ауданына жаңа әкім келді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Президенті әкімшілігінің және Түлкібас аудандық мәслихатының келісімі бойынша Түлкібас ауданының әкімі лауазымына Нұрбол Тұрашбековты тағайындады.

Түлкібас ауданына жаңа әкім келдіТүлкібас ауданына жаңа әкім келді

Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы  Түлкібастың өзіндік ерекшелігі бар аудан екенін ескертті.

— Бұл аудан туризмге өте қолайлы. Жол бойындағы қызметтік сервистің сапасын жақсартуға көңіл бөлген жөн. Одан бөлек, аудандағы жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлік пен агросаланы дамытып, өңірге инвестиция тарту мәселелеріне мән берілуі қажет. Жаңа әкімдеріңіз бұл мәселелердің де шешімін табады деген сенімім бар, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Нұрбол Әбдісаттарұлы 1980 жылы туған, білімі жоғары, инженер-экономист, инженер-жерге орналастырушы.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында Оңтүстік Қазақстан жер-ғылыми өңдірістік орталығы еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Ордабасы жер-кадастрлық бюросында жерге орналастырушы ретінде бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан жер-ғылыми өңдірістік орталығы еншілес мемлекеттік кәсіпорынының директоры, 2012 жылы Астана қаласындағы Жер-ғылыми өңдірістік орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы дирекциясы директорының орынбасары, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.