Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

824
Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» шарасы өтті.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 23 мемлекеттен келген, түркі тілдес 25 ұлттан тұратын 300-ге тарта шетелдік қонақ, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтер сынды әр елдің жоғары лауазымды ресми өкілдері бар.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Мерекелік іс-шараға келген меймандар, ең алдымен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасына жерленген қазақ хандары, абыз-әулиелері, билері мен батырларына арналған пантеонмен танысты. Мұнан соң Түркістан тарихи музейін аралап, ондағы жәдігерлермен танысты. Ал қолөнер шеберлерінің ауылына бас сұққан халайық түрлі бұйымдарды өздігінше жасап көріп, бір сәт бағзы заманға тап болғандай әсер алды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз бастаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты Түркістанды түркі әлемінің мәдени астанасы жылы атануымен құттықтап, осы абыройлы міндетті бірлесе өткізуге шақырды.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

— Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. Осы ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асырып келеді. ТҮРКСОЙ ұйымы шынында да түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сына айналды, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан соң осынау тарихи шара барысында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Баспасөз сыйлығы» шетелдік және қазақстандық 15 үздік журналистке тапсырылып, мереке жалғасы әлемдік деңгейдегі концерттік бағдарламаға ұласты. Онда 500-ге жуық биші күн мен түн, жұлдыздар бейнесінде «Күн мен түннің теңелуі және табиғаттың оянуы» театрландырылған сазды-хореографиялық қойылымын көрсетті.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Сондай-ақ, түркі тілдес халықтарға ортақ ұлы тұлғалар — Арыстан баб, Яссауи, Әл-Фараби, Қорқыт ата образдарындағы көрініс сахналанса, Қазақ хандары киелі шаңырақты көтеріп, ондағы уықтарды өңіріміздегі 20 этно-мәдени орталықтың өкілдері ұстауымен бейбіт еліміздегі тұрақтылық пен татулықты паш етті.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Концерттік бағдарлама барысында сүйінші, шашу көріністері қойылды. Онда ұлттық киімдегі, аттылы жаршылар Наурыз келгені жөнінде сүйінші сұрап, шашу шашты. Алаңда түркі тілдес мемлекеттерге арналған 6 киіз үй көтеріліп, түркі тілдес мемлекеттердің Наурыз керуені келді. Керуенде 18 түйе, 30 ат, 4 арба және түркі тілдес мемлекеттерден келген 300-ге жуық мәдениет майталманы өнер көрсетті.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

Салтанатты жиында түркі тілдес мемлекеттердің әлем халқын бірлікке, достыққа, бейбітшілікке шақыруға арнаған үндеуі қабылданды.

Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы іс-шарасы салтанатты түрде ашылды

«Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында, Наурыз мерекесіне орай Түркістан қаласында түркі әлемінің «Наурыз» халықаралық ақындар айтысы мен «Бұраң бел» би фестивалі өтеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі