Түркістанның қонақ үйлері мейман қабылдауға дайын

Ұлыстың ұлы күні — Наурызды тойлауға күнгейге шетелден және өзге өңірелерден келетін меймандарға Түркі әлемінің биылғы мәдени астанасы — Түркістан дайын. Оңтүстік өңіріндегі қасиетті әрі көне тарихи орындармен танысамын деген азаматтарға қызмет көрсетуге тілді меңгерген гидтер де әзір. Қазір Түркістан шаһарының қонақ үй саласына жауап беретін азаматтар таңды-таңға ұрып, дайындалуға кіріскен.

Түркістандағы жақында ғана пайдалануға берілген үлкен қонақ үй меймандарды қабылдауға дайын. Мұнда салтанатты шарадан кейін демалуға стандарт және люкс нөмірлерде бар жағдай қарастырылған. Наурыз мерекесін тойлауға арнайы шақырылған мәртебелі меймандардың жайғасуына және қауіпсіздігіне жауапты мамандар қызмет халықаралық дәрежеде көрсетіледі дейді.

Қонақ үйді басқаратын кәсіпкер де Түркістанмен бірге жыл басын қарсы алатын меймандарға лайықты қызмет көрсетуге дайын. Мұнда әр азаматтың талғамына қарай мәзір дайындалып, олар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады.

Тағы бір маңызды тұс. Негізгі шара өтетін орталық алаңда тұрақты әжетханалар салынып, жылжымалы био-әжетханалар да орнатылады. Осыған дейін мерекелік іс-шаралар өткенде азаматтардың ыңғайсыздықтарға тап болғанын әкімдік өкілдері ескеріп, осындай шешімге келіпті.

Ал Түркістанның дамып жатқанына куә жастар өздерінің келешегін сүйікті қалаларымен байланыстырады. Және де жұмыстан бос уақыттарын өткізетін мәдени орындар көп болса деп тілейді.

Тарихи құндылықтарға бай Түркістанда туризм саласынан бөлек ауыл шрауашылығы және өндіріс те дамиды дейді қала басшылығы. Оған дәлел — 260 мыңнан астам халқы бар өлке даму концепциясын жүзеге асыруға кіріскен.