Құрылыс сапасын депутаттар да бақылайды

326
Құрылыс сапасын депутаттар да бақылайды

Бұдан былай қаладағы кез келген құрылыстың сапасын депутаттар да қадағалайтын болады. Шаһар көшелеріндегі жарық шамдарының сапасына көңілі толмаған халық қалаулылары Тәуелсіздік саябағындағы құрылыс сапасын да назарда ұстаймыз деп мәлімдеді.

2011 жылы қолданысқа берілген Тәуелсіздік саябағы бүгінде көпшіліктің сүйікті орнына айналғаны қашан. Десе де саябақтағы еліміздің рәміздері жазылған тақтайшалардың біраз бөліктері бұзылған. Бәйтеректің шағын үлгісінің тұғыры шөгіп, жиектастары сыныпты. Осы құрылысты жүргізген мердігер мекеменің 5 жылдық кепілдік мерзімі аяқталған. Енді саябақты қайта жандандыруға қала әкімдігі кірісті.

Қалалық мәслихаттың депутаттары құрылысқа тапсырыс берушілерден тек сапаны талап етіп, өзге елдерді мысалға да келтірді. Ал қала басшылығы құрылысқы жұмсалған әр тиынның сұрауы болатынына сендірді.

Саябақ құрылысын қолға алған мердігерлер жоспарланған жұмысты 24 сәуірде аяқтайды. Бұдан бөлек Даңқ мемориалындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы болуы депутаттардың назарында болады.

Нұрлан Күдерұлы