Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келді. Генерал-полковник Оңтүстіктегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жиын пунктінде 2017 жылғы көктемгі шақырылым барысын тексерді.
Биылғы жағдай және шақыру науқаны туралы облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы баяндама жасады. Жұмыс барысында Қорғаныс министрі шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Медициналық тексеру, психологиялық тестілеу үдерісімен танысып, сондай-ақ, шақырылымның сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді.