Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстіктегі әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне енгізілген мәселелердің басым бөлігі әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болды. Мысалы, Мақтаарал ауданындағы балабақша меңгерушісінің арызында көрсетілген фактілер анықталып, заң бұзушылыққа жол берген Қарқай ауыл округінің әкіміне тәртіптік шара көрілді.
Әдеп жөніндегі кеңес Мақтаарал ауданы Қарқай ауыл округінің әкімі Тамара Тәшенованың тәртіптік ісін қарадф. Бұл жөнінде Мақтаарал ауданындағы бөбекжай меңгерушісі Гүлзира Тәңірбергенова арыз жазған.
Абдулла Мыңбасыұлы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО әдеп жөніндегі кеңесінің өкілі: «Ташева ханым шілде-тамыз айларында балабақшадағы келмеген баланың санын біле тұра 100 балаға балабақшада көрсетілген қызмет үшін төлемақы ретінде қаржы аударған.»
Әдеп кеңесінде Мақтаарал ауданы Қарақай ауыл округінің әкімі Тамара Ташева қателікпен аударылған бюджет қаржысын қайтару жөнінде іс-әрекеттерін заң шеңберінде жүргізілгенін алға тартып, өзін қорғап бағуға тырысты.
Бұл мәселе тәртіптік кеңестің күн тәртібіне енгізер алдында тексеру жүргізілген. Кеңес мүшелері талқылау барысында өз пікірлерін білдірді.
Арызданушы Гүлзира Тәңірбергенова Сәтпаев ауылындағы бөбекжай-балабақшасы меңгерушісі қызметінде заң бұзушылықтарға жол бермегенін және даудың сотта қаралғанын атап өтті. Шешім кәсіпкердің пайдасына шығарылған.
Кеңесте білім саласындағы былықтар жайы да әңгіме болды. Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қатаң шара көріледі. Жүйе түзелмей тірлік болмайды дейді төраға.