«Мәңгілік ел». Өңірімізде осындай тақырыпта ән мен әншілердің байқауы өтті. Патриоттық жанрды жаңғыртатын жоба шарты бойынша сайысқа ұсынылған туындынының авторы жергілікті композитор болуы керек. және екінші шығарма еркін тақырыпты қамтыды. ал қазылар алқасының құрамынан есімі елге етене таныс өнер майталмандары табылды.
Марат Омаров, қазылар алқасының мүшесі: «Әрине, ұқсастық бар, әсіресе композиторлардың әндеріндегі ноталар қатты ұқсайды екен. Бірақ жақсы шығармаларды көріп, қуанып отырмын. Шығарманың сапалы шығуы орындаушыға да байланысты. Десе де Оңтүстіктегі осы сайыс арқылы талай талантты сазгер танылып, түлейтініне сенемін.»
Сонымен, патриоттық шығармаларды дәріптейтін өнер байқауының бас жүлдесін шымкенттік Ізбасар Кеңесов жеңіп алды. Ал әншілер арасында Гүлхая Жуашбаеваға тең келер талант табылмады. Өнер иесі бірінші орынды иеленді. Айта өтетін ақпарат, «Мәңгілік ел» облыстық сайысы биыл 2-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа аудан-қалалардан 49 үміткер жолдама алған.