Астаналық дәрігерлер 1000-ға жуық шымкенттікті тексерді

321

«Мәңгілік ел» пойызы мүшелерінің Шымкенттегі жұмыс бағдарламасы қарбалас өтті. Астаналық дәрігерлердің қабылдауына 1000-ға жуық шымкенттік тіркелген. Республика көлемінде өткізіліп келе жатқан игі бастама барысында мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмапты.

Үзіліссіз жұмыс жасаған медициналық топ, әсіресе, балаларға көптеп көңіл бөлді. Елордалық дәрігерлердің қабылдауы диагностикалық-консультативтік орталықта өтті.

vlcsnap-2016-03-14-17h09m22s155

Шолпан Бердіқұлованың перзенті тумасынан сал ауруына шалдыққан. Оған қоса 4 жасар қыздың тыныс алу жолында ақау бар, үнемі апараттың көмегімен жүреді. «Мәңгілік ел» пойызы» акциясы аясында көрсетіліп отырған тегін медициналық көмек перзенті науқас ана үшін таптырмас мүмкіндік болды. Бір сағаттың ішінде Шолпан үш маманның қабылдауында болып, мемлекеттен берілетін квота бойынша баласын ақысыз емдеуге жолдама алды.
vlcsnap-2016-03-14-17h14m58s185

Мұнда 35-ке жуық денсаулық сақтау саласының маманы қызмет етті. Әсіресе, балалар неврапатолгы мен пульманолог сынды дәрігерлердің қабылдауына келгендер көп. Науқастарға консультативтік кеңестен бөлек квота арқылы емделуге жолдама берілді.

Тегін емдеуге жолдама алғандардың басым бөлігі созылмалы дертке шалдыққан науқастар. Айта кетейік, астаналық ақхалаттылар акция аясында мыңға жуық науқасқа кеңес берді. Бұл мамандардың екі апталық сапар аясындағы ең қауырт жұмыс күні болып тіркелді. Айтуларынша, Оңтүстікте шамадан тыс қабылдау өткізген.