Оңтүстіктің дәрігерлері Кореяда тәжірибе алмасады

392
Шымкенттің кардиохиругттары жүрекке бір сәтте екі ота жасады

Оңтүстіктің дәрігерлері қатерлі ісік ауруын халықаралық дәрежеде емдеу үшін Оңтүстік Кореяға барып, тәжірібе алмасады. Бұл үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сеул қаласындағы «Сун Чон Хян» клиникасының басшылығымен меморандумға қол қойды.

Екі ел арасындағы келіссөз нәтижесінде күнгейдің мамандары шетелдің дәрігерлерінен дәріс алады деп жоспарлануда. Сондай-ақ обыр дертін емдеу үшін онкологтар аталған клиникаға барып, тәжірибе алмасып қайтады. Айта кетейік, мұның алдында Оңтүстік Корея мен өңірдің дәрігерлері іскерлік қарым-қатынаспен жұмыс жасаған. Нәтижесінде облыстық клиникалық аурухана базасында бүйрек алмастыру оталары жасалды.

Лаура Нахыпқызы