Облыс жастары тағы да белсенділік танытты. «Бізбен бірге» қоғамдық қорының және еріктілер мектебінің өрендері Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын беру мақстанда өңір тұрғындарына үндеу жариялады.
Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарын су тасқыны белең алуына байланысты отандастарымыз баспанасыз қалғанын жазуда. Оларды жергілікті билік мектеп жатақханаларына орналастырып жатыр. Облыстың белсенді жастары орын алған жағдайға бей-жай қарай алмай, облыс тұрғындарына үндеу жариялайды.
Отандастарымыздың қайғысы мен басына түскен қиындығы бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу — адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет. Ежелден қарға тамырлы қазаққа жау да, дау да, той да, қайғы мен қаза да ортақ. Көмекке мұқтаж бауырларымызға көмек беру — азаматтық парыз.
Сондықтан, қолымыздан келгенше қиын сәтте облысымыздың барша тұрғындары мен жастарын, беделді кәсіпкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарды, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерді сол аймақтардағы жерлестерімізді желеп-жебеу мақсатында материалдық және моральды көмек қолын созуға шақырамыз.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотына қайырымдылық қаржыны аударуға болады. Бауырларымызға қолдау көрсетіп, бауырмал болайық!
Көмек қолын созамын деушілерге облыстық жастар ресурстық орталығының (Түркістан көшесі, №1 үй) есігі ашық. Ал қайырымдылық қаржыларын «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған есеп-шотына аударуға болады.
РЕКВИЗИТ:
«Бізбен бірге» қоғамдық қоры
Шымкент қаласы, Қайтпас 2 шағынауданы, №34-35
«Нұр банк» АҚ Шымкент қ. филиалы
БИН 150540004179
ИИК KZ4284906KZ000966548
БИК NURSKZKX
КОД 18
Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы Андабаев Абай. Байланыс нөмірі: 8 771-963-08-34, 8775-404-04-21.