Шымкентте қарилер сайысы өтті

369
Шымкентте қарилер сайысы өтті

Қасиетті жұмада Шымкенттің жастары Құран аяттарын оқудан жарысты. Самал-3 шағынауданындағы Айтбай ата — Ақмешітінде өткен рухани іс-шараға 160-дан астам облыс имамы мен қарилар қатысты. Сайыс бас мүфтидің орынбасары және Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бас имамы қызметтерін атқарған Әміреев Али-Айдар Төлежанұлының құрметіне өтті.

Дінмұхамед Айдаров небәрі — 6 жасар. Құран оқудан өткен жарыстың ең жас қатысушысы осы балақай. Азан шақырғаны үшін арнайы сертификат пен қаржылай марапатталды. Ойын баласы бола тұра Алланың хақ жолына бет бұрған балақай болашақта дін жолында қызмет еткісі келетінін айтады.

Шымкентте қарилер сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен іс-шараға 160-тан астам қари қатысты. Құран аяттарын жатқа оқушылардың ең ересегінің өзі 20 жаста. Құранның 1, 2 және 3 парасы бойынша сайысқандардың жеңімпаздары ақшалай және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Шымкентте қарилер сайысы өтті

Құранда «Дүниеден өткен адамның соңынан үш амалдың бірі — ұрпағының қылған дұғасы барып тұрады» деген хадис бар. Ендеше, мұндай рухани шаралар салиқалы ұрпақтың өсуіне септігін тигізері сөзсіз.

Асқар Сәтпаев