Шымкентте «Үздік фармацевт — 2017» конкурсы өтті

493
Шымкентте "Үздік фармацевт - 2017" конкурсы өтті

«Үздік фармацевт — 2017». Шымкентте медициналық колледждердің бітіруші түлектері арасында республикалық сайыс өтті. Өз саласының үздігі екенін дәлелдеуге еліміздің 10 облысынан 11 қатысушы келген. Бір айта кетерлігі, бұл сайыс тек түлектердің ғана емес, олар білім алған оқу ордасының деңгейін де анықтауға мүмкіндік берді.

Ереже бойынша қатысушылар фармацевтикаға байланысты сұрақтарға 5 минуттың ішінде жауап беруі тиіс болатын. Берілген минуттар сырғуда, бірақ қатысушының жауабын ешкім ести алмады. Сайысқа келген 11 қатысушының көбісінің дайындығы осындай. Бірінде жауап жоқ, ал енді бірі қобалжығаннан ойын жинай алмай жатты.

Мұндай қолайсыздықты кілең үздік мамандардан жиналған қазылар алқасы да байқамауы мүмкін емес-ті. Биылғы қатысушылардың деңгейі көңіл көншітпейді дейді олар. Айтуларынш,а Шымкент, Түркістан және Ақтөбе қалаларынан келген студенттердің білім деңгейі төмен.

Қалай болғанда да жарыс болған соң, жеңімпаз анықталуы тиіс. Сонымен 2017 жылдың үздік фармацевті деп Жамбыл медициналық колледжінің түлегі Мария Шитова танылды. Екінші орын Ақтөбелік Александра Потугаға бұйырса, үшінші орынды Қостанай медициналық колледжінің түлегі Юлия Каневская иеленді.

Әлия Әділбек