Шымкенттің бірқатар аймақтарында су беру уақытша тоқтатылады. Бұл — жазғы кезеңге көшу бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты деп хабарлайды «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі.
Сонымен, 2017 жылдың 13 сәуірінен 14 сәуірге қараған түнде сағат 22:00-ден таңғы сағат 6-ға дейін мына көшелерде ауыз су беру уақытша шектеледі: Жангельдин көшесі, Молдағұлова, Гагарин, Володарский, Хлопзавод, Жансүгіров, Артельная, Суворов, Суриков, Партизанская, Ташкент тасжолы, Әбдіразақов, Қалдаяқов көшелері және Республика даңғылы, Химфарм елдімекені және Забадам, Қарасу шағынаудандары.
«Су ресурстары» мекемесі келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.