«Театр көктемі — 2017». Ер түріктің бесігі — Түркістанда осындай тақырыпта театрлар фестивалі басталды. Бұл туралы рухани астанамызда жүрген тілшіміз Мөлдір Бекеева телефон арқылы хабарлайды.
Қатарынан оныншы рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің биылғы ерекшелігі сол — өнер бәсекесі Қазақтың тұрңыш режиссері Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналады. Және халықаралық деңгейде өтуде. Байқаудың қатысушылар алдымен қызыл кілеммен жүріп өтіп, көрерменнің ыстық ықылысына бөленді.